Жаңалықтар мен оқиғаларға оралу
Жаңалық

"Ауған отымен шарпылған жандар" атты кездесу кеші

2022 жылдың 11-ші ақпанында Қарағанды тау-кен индустриалдық колледжінде кітапханашы Қалмағанбетова Ғалия Қадырқызы мен «Қарағанды ​​қаласының орталық кітапхана жүйесі» КММ № 8 және №31 филиал кітапханаларымен, Жаңа Майқұдық  мәдениет үйі қызметкерлерімен бірге бірлесе отырып "Ауған отымен шарпылған  жандар" атты кездесу кеші өтті. Іс-шараға Ауған соғысының ардагерлері – Искаков Еркін Рымбекович, Жариков Мұрат Қабышұлы және Семенов Владимир Викторович қатысты.

Кеш сахнасын Д.Саятқызы мен Т.В.Алексеева ашты. Ауған соғысында қаза тапқан батыр ағаларымыз 1 минут үнсіздікпен еске алынды. Колледж кітапханашысы Ғалия Қадырқызы Ауған соғысы ардагерлерін келе жатқан мерекелерімен құттықтады. Студенттер іс-шара барысында ауған соғысы жауынгерлеріне өздерінің сұрақтарын қойды. Искаков Еркін Рымбекович ең қиыны алыста қалған ата анама ауыр тиді деп жауап қатты. Ауған оқиғасының тарихи мағынасын жүргізуші Т.В.Алексеева баяндады. «Ауғандағы азап шеккен арыстар» атты көрме қойылып, А.С.Аждарова шолу жасап өтті. Жаңа Майқұдық  мәдениет үйі қызметкерлері Кәрім М. «Көк тудың желбірегені» әнін әуелете шырқаса, А.Омаровтың орындауында «Туған жер» әндерімен «Нұрби» ансамбльінің орындауларында «Шашу» биі тамашаланды. Кеш қонақтары – ардагерлеріге батырлық ерлік істері үшін басымызды иеміз!


Медиа жаңалықтар

1 из 11

Тақырып бойынша басқа жаңалықтар мен оқиғалар

Жаңалық
2022 ж. 15 ақпан
Педагогтың бос лауазымына орналасу бойынша байқау нәтижелері 2025 жылғы 29 тамызға

Педагогтың бос лауазымына орналасу бойынша байқау нәтижелері 2025 жылғы 29 тамызға

Толығырақ
Жаңалық
2022 ж. 15 ақпан
"Қарағанды тау-кен индустриалдық колледжі" КМҚК бос лауазымға конкурс өткізу туралы хабарлайды - Оқытушылар (06.08.2025)

"Қарағанды тау-кен индустриалдық колледжі" КМҚК бос лауазымға конкурс өткізу туралы хабарлайды - Оқытушылар

Толығырақ
Жаңалық
2022 ж. 15 ақпан
"Қарағанды тау-кен индустриалдық колледжі" КМҚК бос лауазымға конкурс өткізу туралы хабарлайды - Өндірістік оқыту шебері (06.08.2025)

"Қарағанды тау-кен индустриалдық колледжі" КМҚК бос лауазымға конкурс өткізу туралы хабарлайды - Өндірістік оқыту шебері

Толығырақ
Жаңалық
2022 ж. 15 ақпан
2025 ЖЫЛҒЫ ТАЛАПКЕРГЕ

2025 жылға арналған талапкерге Қарағанды тау-кен индустриалды колледжіне түсу туралы ақпарат

Толығырақ

Бізді қалай таба аласыз

Қабылдау бөлмесі / Приёмная: +7 (7212) 35-50-81; Оқу бөлімі / Учебная часть: +7 (7212) 46-01-04; Бухгалтерлік есеп / Бухгалтерия: +7 (7212) 35-79-57
krg-koll-6850@bilim09.kz
г. Караганда, ул. Магнитогорская, строение 24/1 Мекен-жайды картада көрсету
https://kgik.mycollege.kz/