Жаңалықтар мен оқиғаларға оралу
Жаңалық

«Электрмонтаж» бағыты бойынша оқитын техникалық және кәсіптік орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері арасында облыстық кәсіби шеберлік байқауы

2022 жылдың 29 наурызында Қарағанды тау-кен индустриалдық колледжінің базасында «Электрмонтаж» бағыты бойынша оқитын техникалық және кәсіптік орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері арасында облыстық кәсіби шеберлік байқауы өткізілді. Байқауға облыс бойынша 10 колледж қатысты.

Байқауға қатысушылардың кәсіби қасиеттерін анықтауға тәуелсіз сараптау комиссиясы көмектесті, олар: Юрченко Владислав Владимирович – «КАЮР» НПО инженері, Елеусізов Жасұлан Жұмағазыұлы – «EZ Trade» ЖК жетекшісі және Камиев Бақытжан Бурткібаевич – «Қарағанды электротехникалық жабдықтар зауыты» ЖШС цех бастығы.

Байқау қорытындысы бойынша жүлделі орындар келесідей бөлінді: 1 орын – Жмур Андрей, Қарағанды тау-кен индустриалдық колледжінің студенті, 2 орын – Шарибеков Жасулан, Абай Құнанбаев атындағы Саран Жоғары гуманитарлық-техникалық колледжінің студенті, 3 орын – Швайц Владимир, Қарағанды индустриалды-технологиялық колледжінің студенті.

Байқаудың қонақтары Қарағанды қалалық мәслихатының хатшысы-Бексұлтанов Құдайберген Бексұлтанұлы, Қарағанды облыстық мәслихатының депутаты, Қарағанды тау-кен индустриалдық колледжінің әлеуметтік серіктесі және «АСПАП» ӨК басшысы - Әшімов Төлеген Мұқатайұлы, Қарағанды облыстық мәслихатының депутаты - Ким Сергей Константинович болды.

Байқауды өткізуге демеушілік қолдау үшін Теміртау қалалық мәслихатының депутаты Сәуле Жанатқызы Дүйсембаеваға және «Electric City» ЖШС директоры Динара Қайроллақызы Каримоваға; «Қалалық сервистік қызмет» ЖШС директоры Ержан Мұхатаевқа; «220 Volt» ЖШС компаниясының өкілі Александр Викторович Ларионовқа; «ЭЛТО энергожүйелері» ЖШС директоры Александр Викторовичке;   «Теллурис LTD» ЖШС директоры Федоренко Сергей Николаевичке алғыс білдіргім келеді.


Медиа жаңалықтар

1 из 7

Тақырып бойынша басқа жаңалықтар мен оқиғалар

Жаңалық
2022 ж. 30 наурыз
ҚР Президентінің жұмыс күн тәртібі аясында Ілияс Есенберлин атындағы № 25 мектеп-гимназияға баруы

Толығырақ
Жаңалық
2022 ж. 30 наурыз
Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 6 сәуірдегі халыққа үндеуі

Толығырақ
Жаңалық
2022 ж. 30 наурыз
«Қарағанды тау-кен индустриалдық колледжі» КММ бос лауазымына конкурс өткізетіндігі туралы хабарлайды

Бос лауазымға конкурс өткізу туралы хабарландыру

Толығырақ
Жаңалық
2022 ж. 30 наурыз
Қарағанды тау-кен индустриалды колледжіндегі мектеп оқушыларының кәсіби сынамалары

Қарағанды тау-кен индустриалды колледжіндегі мектеп оқушыларының кәсіби сынамалары

Толығырақ

Бізді қалай таба аласыз

+7 (7212) 35-50-81, Факс: +7 (7212) 35-50-81, +7 (7212) 35-79-57
kar-gorind@krg-edu.kz
г. Караганда, ул. Магнитогорская, строение 24/1 Мекен-жайды картада көрсету
https://kgik.mycollege.kz/