2023 жылдың 24-28 сәуірі аралығында «№2 оқушылар сарайы» КММ – де «PROFICENTER» шеңберінде кәсіптік бағдар беру іс-шаралары өтті. Шараға Қарағанды тау-кен индустриалдық колледжі белсенді қатысты. Біз Қарағанды облысының 9,11 сынып оқушыларына ерте кәсіптік бағдар бердік.
Кәсіптік бағдар беру келесі міндеттерді шешуге бағытталды:
- оқушылардың колледж мамандықтары мен кәсіптері туралы хабардар болу деңгейін арттыру;
- колледждің оң имиджін қалыптастыру;
- білім беру қызметтері нарығында колледждің бәсекеге қабілеттілігін арттыру.
Болашақ талапкерлерге колледж өмірі, қолданыстағы мамандықтар бойынша жаңа оқу жылына қабылдау туралы айтылды, колледж бойынша 3D экскурсия көрсетілді, барлығына буклеттер берілді. Оқушылар Қарағанды тау-кен индустриалдық колледжі бағытында дұрыс таңдау жасайды деп үміттенеміз!
Жаңалық
«PROFICENTER» шеңберінде кәсіптік бағдар беру
2023 ж. 2 мамыр