2024 жылдың 11 маусымында ҚТИК Навои Мемлекеттік Тау-кен Тхнологиялық Университетімен бірлесіп «Электромеханикалық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығы бойынша екінші және үшінші курс топтарына онлайн-режимде кәсіптік бағдарлау жұмысын жүргізді. Кәсіптік бағдар беру жұмысы шеңберінде университет оқуға түсу ережелері, факультеттер, педагогикалық құрам және материалдық-техникалық база туралы ақпарат берді. Сондай-ақ біздің колледждің түлектеріне өндірістің интеграциясы мен халықаралық ынтымақтастық туралы айтылды. Колледжіміздің студенттері мен педагогтары бірқатар нақтылаушы сұрақтар қойып, оларға толық жауаптар алды. Университеттің әріптестері біздің колледждің студенттеріне оқыту бейіні мен кәсіби қызмет саласын таңдау процесінде кәсіптік бағдар беруді ұсынды. Колледждің педагогикалық қызметкерлеріне тиімді шарттармен магистратура мен докторантурада оқу ұсынылды. Кәсіби бағдар беру жұмысында ынтымақтасуға қуаныштымыз.
Жаңалық
Навои Мемлекеттік Тау-кен Технологиялық Университетімен бірлескен кәсіптік бағдар беру жұмысы
2024 ж. 11 маусым
Медиа жаңалықтар
1 из 5