2022 жылдың 19 қазанында 25 қазан – Республика күніне орай Қарағанды тау-кен индустриалдық колледжінде жалпы республикалық патриоттық акция аясында 1, 2 курстар арасында «Қыран елім – Қазақстан» атты мәнерлеп оқу байқауы өтті. Ұйымдастырушылар қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушылары Д.К.Бесбаев, А.Д.Кулжанов. Өткізілген шара мақсаты –студенттерді туған жерін, туған елін, халқын ардақтап өтуге үйрету. Бақытқа жетер даңғыл жолдың бірі – Отанды сүюден басталатынын түсіндіру. Отанға деген патриоттық сезімдерін ояту. Байқау нәтижесінде ЭСП-1-22 тобы студенттері Келдібеков Нұрасыл, Жақан Данияр, Сағындық Ердос жеңімпаз атанды.
Новость
«Қыран елім – Қазақстан» атты мәнерлеп оқу байқауы
October 19, 2022