«Қарағанды тау-кен индустриалдық колледжі» КММ бос лауазымына конкурс өткізетіндігі туралы хабарлайды:
- дәнекерлеу ісі бойынша өндірістік оқыту шебері (оқыту тілі қазақ) – 1 бірлік;
- тау-кен ісі бойынша өндірістік оқыту шебері (оқыту тілі қазақ) 1 бірлік;
- автоматтандыру және басқару бойынша өндірістік оқыту шебері (оқыту тілі қазақ) – 1 бірлік;
(Заңды мекен жайы: 100001, Қарағанды қ., Магнитогорская көшесі, құрылыс 24/1 үй. Байланыс телефоны 8(7212) 355081, e-mail: kar-gorind@krg-edu.kz)
Лауазымдық айлықақы:
Санаты |
Еңбек сіңірген жылдарына байланысты лауазымдық айлықақы |
Санат үшін қосымша төлем |
||||
min |
max |
педагог-модератор
|
педагог-сарапшы
|
педагог-зерттеуші |
педагог- шебер |
|
В-2-4 |
126 976 |
146 487 |
30% от ДО |
35 % от ДО |
40 % от ДО |
50 % от ДО |
В-4-4 |
102 819 |
115 517 |
30% от ДО |
35 % от ДО |
40 % от ДО |
50 % от ДО |
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:
тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімі және жұмыс стажына талап қойылмай, кәсіби қайта даярлаудан өтуі;
және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін-кемінде 2 жыл, педагог – сарапшы үшін-кемінде 3 жыл, педагог-зерттеуші үшін – кемінде 4 жыл, педагог-шебер үшін-5 жыл.
Лауазымдық міндеттері:
Өндірістік оқыту бойынша практикалық сабақтар мен оқу-өндірістік жұмыстарды жүргізеді, кәсіпорындарда кәсіптік практиканы және білім алушылардың тәрбие жұмысын ұйымдастырады және олардың топта орындалуын қамтамасыз етеді.
Сабақтарға арналған жабдықтар мен тиісті жабдықтарды дайындайды, материалдық базаны жетілдіреді.
Еңбек қауіпсіздігінің сақталуын, білім алушылардың еңбектің озық әдістерін, қазіргі заманғы техника мен өндіріс технологиясын меңгеруін, жабдықтарға қызмет көрсету мен пайдалануды, материалдық және энергетикалық ресурстарды ұқыпты жұмсауды қамтамасыз етеді.
Оқу (өндірістік) практикасын өткізу бойынша әлеуметтік әріптестермен жұмысқа қатысады.
Білім алушыларды біліктілік жұмыстарын орындауға және біліктілік емтихандарын тапсыруға дайындайды.
Топта өндірістік оқыту мен кәсіптік практиканы жоспарлау, есепке алу және есептілік, тәрбие жұмысын жоспарлау және есепке алу бойынша құжаттаманы жүргізеді.
Оқу бағдарламаларын уақытылы қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдайды.
Оқу үрдісінде ғылыми-әдістемелік ұсыныстарды, озық педагогикалық және өндірістік тәжірибені қолданады.
Білім алушылардың еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария талаптарын сақтауын бақылайды. Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулықтар жүргізеді.
Әдістемелік комиссиялардың, бірлестіктердің жұмысына қатысады.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттар тізбесі (электрондық немесе қағаз түрінде):
1) осы Қағидалардың 10-қосымшасында берілген нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басты куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы және байланыс телефондары көрсетілген-бар болса);
4) педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша (№075/у) денсаулық жағдайы туралы анықтама;
7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) Наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі - ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
10) педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған бағалау парағы.
Кандидат болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік Жарияланымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.
Конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған соңғы күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде жүргізіледі.