Қарағанды тау-кен индустриалдық колледжінде 18-22 қыркүйек аралығында «Әр тіл-бүкіл әлем» үш тілді білім беру апталығы басталады.
Функционалдық сауаттылық апталығын өткізудің мақсаты қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгерген әлеуметтік және кәсіби бағдарланған тұлғаны дамыту және қалыптастыру болып табылады.
Апталықтың ашылуы салтанатты жағдайда өтті, жиында Қазақстан Республикасының Әнұраны шырқалды, студенттер қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өлеңдер айтты. ЦӘК төрағасы Б. Е. Құлмағамбетова үш тілде білім беру апталығын өткізу жоспарын айтып, студенттерге белсенді қатысуларын тіледі!
141 адам студенттерді қамту, қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша ЖББП ЦӘК жауапты төрағасы Құлмағанбетова Б.Е.