2022 жылдың 29 қарашасында Қарағанды тау-кен индустриалдық колледжінің кітапханашысы Ғ.Қ.Қалмағанбетова "Оқуға құштар колледж" жобасы аясында "Бабалар ерлігі – ұрпаққа үлгі" тақырыбында тәрбие сағатын өткізді. Бабаларымыздың әрбір жүріп өткен жолы – біз үшін үлгі, шежіре, тағдыр-тарих. "Ел ерімен еңселі", " "Елім" деп еңіреп туған ерлердің есімі еш уақытта елеусіз қалмайтыны ақиқат. Халық мұндай қаһарман ұлдарын жыр аңызға айналдырып, өшпес ерлігін ауыздарынан тастамай, жан жүрегінде сақтайды. "Жеті атасын білмейтін ер жетесіз, жеті ғасыр тарихын білмейтін ел жетесіз" деп атам қазақ бекер айтпаған ғой. Біз ата тарихын саралап, тарих қойнауын аралап, Ұлыларымызды даралаудамыз қажет. Ондағы мақсат – Ұлылырды зерттеп, олардың мол мұрасын кейінгі ұрпаққа аманат ету. Яғни, қазіргі ұрпақ, соғыс ардагерлерін, майданнан қайтпай қалған боздақтарды келешек үшін, қанын төккені үшін басымызды иіп құрмет көрсетуіміз қажет, ол біздің адамгершілік парызымыз. Адамзаттың алдындағы үлкен міндет, осы тарихи шындықтарды болашақ ұрпаққа ешқандай өзгеріссіз жеткізу болмақ. Маңызды шараға КИП-1-21 тобының студенттері қатысты.
Новость
"Бабалар ерлігі – ұрпаққа үлгі" тәрбие сағаты
29 ноября 2022 г.