Жұмыс сипаттамасы:
қызмет көрсетілетін жабдықтарды монтаждау, демонтаждау, жөндеу; стационарлы емес сорғыш қондырғыларды, учаскелік көмір сорғыш қондырғыларды, ауа үрлегіштерді, өртке қарсы және газсыздандыру құбырларын, шахта вагонеткаларын, электровоздарды, гидровоздарды, дизель тасушыларды, арқанды-креслолы және жер бетіндегі жолдарды, таспа ені 900 миллиметрге дейін таспалы конвейерлерді, қырнауыш конвейерлерді, бұрғы станоктарын, қоректендіргіштерді, итергіштерді, барабан диаметрі 1000 миллиметрге дейін шығырларды, ішінара желдететін желдеткіштерді, вагонеткаларды тазалау қондырғыларын, суды пласталарға айдамалау жабдықтарын, түсіру шұңқырларын, тарту және түрлендіру кіші станцияларын, зарядтау құрылғыларын, белгі беру және жарықтандыру құралдарын, тарату, абоненттік кабель және телефон желілерін, тарату шкафтары мен қораптарын, өткізу муфталарын, телефон аппараттарын, троллейлі және төмен вольтті кабельдер желілерін, электр аппараттары мен қондырғыларын жерге қосу орындарын сынау, пайдалануға тапсыру және техникалық қызмет көрсету;
заряд үстелдері мен электровоздарға орнатумен қозғалтқыш батареяларын зарядтау;
қозғалтқыш батареяларын тексеру, электролит үстеп құю немесе ауыстыру;
май сынамаларын іріктеу және оны қызмет көрсетілетін жабдықтарда ауыстыру;
шахтадағы электр газбен пісіру жұмыстарының өндірісі;
жоғары білікті жерасты электр слесарінің басшылығымен осыған ұқсас күрделі жұмыстарды орындау.