Вернуться к Новости и События
Новость

Төтенше жағдайлар дағдыларын дамыту жұмыстары

2022 жылдың 14 қарашасында Қарағанды тау-кен индустриалдық колледжінде Қарағанды облысының Білім басқармасының тапсырысы бойынша «Қазақстанның болашақтағы жастар қозғалысы» қоғамдық бірлестігі мемлекеттік әлеуметтік жобаны іске асыру аясында колледж қызметкерлері мен студенттері арасында төтенше жағдайлар дағдыларын дамыту жұмыстарын өткізді. Шараны психологтар - Ш.Х.Насырова, Ж.Д.Мейрамова, Д.А.Рамимбаева, Қызыл Крест және Жарты ай қоғамының директоры Т.А.Абрамова, Қарағанды қаласының төтенше жағдайлар аға инженері М.Қ.Оспанов жүргізді. Іс-шара әртүрлі формада (ойындар, тренингтер, лекциялар, дөңгелек үстелдер) ұйымдастырылды. Қызметкерлер, педагогтар, студенттер және шараға тартылған ата-аналар өз аудиторияларына бөлініп, келесі тақырыптар бойынша тәжірибелік сабақтардан өтті:

- жасөспірімдер қауіпсіздігі;

 - алғашқы медициналық көмек көрсету;

 - өрт кезіндегі мінез-құлық;

 - күдікті затты анықтау кезіндегі мінез-құлық;

 - қарулы күштердің шабуылы кезіндегі мінез-құлық;

- төтенше жағдайлар кезінде қызметкерлер мен студенттердің тәртібі.

Тәжірибелік сабақтарда өте қарапайым, өмірмен байланыстырыла алынған жағдайлар сипатталып, ауқымды тақырыптар қаралды.Сағат 10:45-те өрт дабылы беріліп, қызметкерлер мен студенттердің колледж аумағына шығуы жедел ұйымдастырылды. Қызметкерлер мен студенттердің сауатты және келісілген әрекеттерінің арқасында барлығы ғимараттан қауіпсіз  жерге уақылы жиналып сапталды.  Эвакуация дүрбелеңсіз өтті, қызметкерлер әзірленген эвакуациялау жоспарлары мен нұсқауларына сәйкес барлық іс-шараларды орындады.


Медиа новости

1 из 3

Другие новости и события по теме

Новость
November 15, 2022
Стартовал конкурс на государственную молодежную премию «Дарын»

Стартовал конкурс на государственную молодежную премию «Дарын»

Подробнее
Новость
November 15, 2022
КГКП "Карагандинский горно-индустриальнный колледж" объявляет проведение конкурса на вакантную должность - Педагог дополнительного образования

КГКП "Карагандинский горно-индустриальный колледж" объявляет проведение конкурса на вакантную должность - Педагог дополнительного образования

Подробнее
Новость
November 15, 2022
Педагогтың бос лауазымына орналасу бойынша байқау нәтижелері 2024 жылғы 31 тамызға

Педагогтың бос лауазымына орналасу бойынша байқау нәтижелері 2024 жылғы 31 тамызға

Подробнее
Новость
November 15, 2022
"Қарағанды тау-кен индустриалдық колледжі" КМҚК бос лауазымға конкурс өткізу туралы хабарлайды - Оқытушылар

"Қарағанды тау-кен индустриалдық колледжі" КМҚК бос лауазымға конкурс өткізу туралы хабарлайды - Оқытушылар

Подробнее

Как нас найти

Қабылдау бөлмесі/Приёмная: +7 (7212) 35-50-81; Оқу бөлімі/Учебная часть: +7 (7212) 46-01-04 Бухгалтерлік есеп/Бухгалтерия: +7 (7212) 35-79-57
kar-gorind@krg-edu.kz
г. Караганда, ул. Магнитогорская, строение 24/1 Показать адрес на карте
https://kgik.mycollege.kz/