2022 жылдың 14 қарашасында Қарағанды тау-кен индустриалдық колледжінде Қарағанды облысының Білім басқармасының тапсырысы бойынша «Қазақстанның болашақтағы жастар қозғалысы» қоғамдық бірлестігі мемлекеттік әлеуметтік жобаны іске асыру аясында колледж қызметкерлері мен студенттері арасында төтенше жағдайлар дағдыларын дамыту жұмыстарын өткізді. Шараны психологтар - Ш.Х.Насырова, Ж.Д.Мейрамова, Д.А.Рамимбаева, Қызыл Крест және Жарты ай қоғамының директоры Т.А.Абрамова, Қарағанды қаласының төтенше жағдайлар аға инженері М.Қ.Оспанов жүргізді. Іс-шара әртүрлі формада (ойындар, тренингтер, лекциялар, дөңгелек үстелдер) ұйымдастырылды. Қызметкерлер, педагогтар, студенттер және шараға тартылған ата-аналар өз аудиторияларына бөлініп, келесі тақырыптар бойынша тәжірибелік сабақтардан өтті:
- жасөспірімдер қауіпсіздігі;
- алғашқы медициналық көмек көрсету;
- өрт кезіндегі мінез-құлық;
- күдікті затты анықтау кезіндегі мінез-құлық;
- қарулы күштердің шабуылы кезіндегі мінез-құлық;
- төтенше жағдайлар кезінде қызметкерлер мен студенттердің тәртібі.
Тәжірибелік сабақтарда өте қарапайым, өмірмен байланыстырыла алынған жағдайлар сипатталып, ауқымды тақырыптар қаралды.Сағат 10:45-те өрт дабылы беріліп, қызметкерлер мен студенттердің колледж аумағына шығуы жедел ұйымдастырылды. Қызметкерлер мен студенттердің сауатты және келісілген әрекеттерінің арқасында барлығы ғимараттан қауіпсіз жерге уақылы жиналып сапталды. Эвакуация дүрбелеңсіз өтті, қызметкерлер әзірленген эвакуациялау жоспарлары мен нұсқауларына сәйкес барлық іс-шараларды орындады.